Басты бетҚоғамТоқаев ақпарат...

Тоқаев ақпарат министрін қызметінен босатты

Ол министр қызметін сегіз айға жуық атқарды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды, — делінген құжатта.

Еске салайық, Асқар Омаров ақпарат және қоғамдық даму министрі болып 2022 жылғы 11 ақпанда тағайындалған еді. Енді ол орталық коммуникациялар қызметінің директоры қызметін атқарды.

Ал ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне Дархан Қыдырәлі тағайындалды.