«Фискалдық реттеуді қайта жүктеу мақсатында 2023 жылы жаңа Салық кодексі дайындалады. Оның ең проблемалық блогы – салықтық басқару-толығымен жаңартылуы керек», — деді президент Қазақстан халқына жолдауында.
Президенттің айтуынша, алдағы уақытта кез келген бетпе-бет өзара іс-қимылды болдырмай, салықтық бақылауды толық цифрландыруды қамтамасыз ету міндеті тұр.
«Өркениетті сауданы дамыту үшін барабар мөлшерлемелермен және қарапайым рәсімдермен бөлшек салықты қолдануды кеңейту қажет. Салық реформасы аясында «сән-салтанат салығын» енгізу мүмкіндігін қарастыру маңызды. Ол қымбат жылжымайтын мүлік, көлік құралдарын сатып алған кезде алынады және орта тапқа әсер етпейді», — деді Тоқаев.
