«Батыл қадам жасай алмайды». Президент үкіметті сынады

Тоқаев 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95%-ін жақсартуды және үкіметке бұл мәселені тікелей бақылауға алуды тапсырды.

Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек. Бізде әлі күнге дейін битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай. үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс. Жалпы, ашығын айтуымыз керек, үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр. Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жетіспейді. Осының бәрі үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр. Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл – орынды. Сондықтан, дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді», — деді Тоқаев.