Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылды

Алатау ауданы тұрғындарының қала  әкімімен кездесуінде айтылған өтініші бойынша 1 қыркүйектен бастап №142 жаңа автобус бағыты іске қосылады. Ол «Энергостроитель» бау-бақ серіктестігінен Ф.Оңғарсынова көшесі бойымен Рысқұлов даңғылы — Момышұлы көшесі — Абай даңғылы — Саин көшесі — Шаляпин көшесі — Момышұлы көшесі бойымен жүретін болады. Кері бағытта Момышұлы көшесімен Рысқұлов даңғылына дейін — Оңғарсынова көшесімен «Энергостроитель» бау-бақша серіктестігіне дейін жүреді, — делінген хабарламада.