Жамбыл облысында пойыздан секірген баланың бірі қайтыс болды

Бала 7 жаста болған. Ол оқиға кезінде ауыр жарақат алған.

Ауруханаға келгенде екі балаға да бас-ми жарақаты, қосарланған жарақат деген диагноз қойылды. Алған жарақаттарынан 2015 жылы туған бала қаза болды. Екінші баланың жағдайы орташа ауыр, қазір хирургия бөлімінде жатыр», — дейді Талас ауданы орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Есмахан Имаммырзаев.

Еске салайық, кеше 29 тамызда түнде 7 және 9 жастағы үйден қашып кеткен. Ағайындылар көрші ауылдағы әкесіне бармақ болып, жүк пойызының соңғы вагонына мініп, кейін секіріп түскен.