Оралда «Ақжайық» халықтық би ансамблінің 45 жылдығы атап өтілді

Өнер ұжымы сонау 1977 жылы үлкен шығармашылық жетістіктері үшін «халықтық» атағына ие болған. Биыл ансамблдің құрылғанына 45 жыл. Осыған орай Оралдағы «Атамекен» сарайына арнайы конференция өтті.Конференцияда «Ақжайықтың» негізін қалаушы Құрамыс Ғаббасовтың жары Айсұлу апамыз және ұжымның алғашқы құрамының мүшелері сөз сөйледі. Жиында оларға облыс әкімі Ғали Есқалиевтің Алғыс хаты табыс етілді. Марапатталғандар қатарында әншілер Эльмира Амирова,Зияш Аманғалиева, Ғизат Мұхамбетов, Донеділ Қажымов, күйшілер Ермек Қазиев, Асылғаным Қосмағанбетова, бишілер Слана Имашева, Қарлығаш Айтқалиевалар бар.  

Сондайақ, «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісімен: «Ақжайық» халықтық ән-би ансамблі құрамының бишілері, мәдениет ардагері Шәрбану Айекешева мен Гүлбағира Атаниязова және Қарылғаш Саматова, 2008 жылдан күні бүгінге дейін «Ақжайық» халықтық ән-би ансамблінің жетекшісі Әсел Дәулетова, «Ақжайық» халықтық ән-би ансамблінің алғашқы құрамының әншісі, мәдениет ардагеріТөлеген Есмұхановтар марапатталды.

Облыс әкіміның орынбасары Б.Нарымбетовтің Алғыс хатымен «Ақжайық» халықтық ән-би ансамблінің алғашқы бишілер құрамының мүшелері: Мажитова Светлана Ибрагимқызы, Нұржанова Әлия, Мұхтарова Гүлжан Мұхтарқызы, Жұмағалиева Жұмақиза Хамитқызы,Аманғалиева Әлия Төлеуқызы, Дарменова Әсия Хәкімқызы, Зеинова Роза Ғабделқайырқызы, Ильжанова Майра Қайырқызы, Тасанова Роза Төлеуқызы, Қалықова Дариға Неғметқызы, Мукашева Әмина Өсербайқызы, Махитова Гүлсайран Бөкейқызы, Қадралиева Зульфия Сағиқызы,Нұрғалиева Дариға Балғазықызы, Қанатова Рита Өтегенқызы, Кабирова Тамара Жәлелқызы, Ихсанова Бибигүл Хәкімқызы, Батырғалиева Сағира Мәжитқызы,Муқанғалиева Гүлнар Бекқалиқызы марапатталды.

Конференцияға қатысқан халықтық ансамблдің негізін қалаған Құрамыс Берғалиұлының жарына құрмет көрсетіліп, шапан жабылды. Шара облыстық халық шығармашылығы орталығы дайындаған мерекелік концертпен жалғасын тапты.