Басты бетЖаңалықтарҚырғызстан неліктен...

Қырғызстан неліктен әр азаматына 100 грамм алтын бермек?

Bloomberg агенттігіне сұхбат берген Қырғызстан бас банкирі Толқынбек Әбдіғұлов Орталық банктің халыққа 140 килограмм алтын сатқанын мәлімдеді.

Мұндай әрекетке Орталық банк азаматтардың байлығын қолындағы мал басымен есептеуден арылту үшін барып отырған көрінеді.

«Алтын жылдар бойы өз құнын жоғалтпайды. Байлықты жинауда ешқандай да инфляцияға ұшырамайтын алтынды қолдануды игеруіміз керек», — деді Толқынбек Әбдіғұлов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қырғызстанның басты экспорты — алтын.

Елдегі халық санының 6 млн екенін ескерек, бастама бойынша халыққа 600 тонна алтын таратылуы тиіс. Бұл көрсеткіш ел экспортынан 30 есеге артық.

ДереккөзNaryk.kz