Министр мектеп мұғалімдерінің орташа жалақысын айтты

Бұл туралы Алматыдағы білім форумы барысында министр Асхат Аймағамбетов айтты.

2019 жылы еліміздегі орташа жалақы 168 мың теңге болса, орта білім бойынша орташа жалақы 115 мың теңге еді. Көріп отырсыздар, елдегі орташа жалақыдан әлдеқайда төмен болды. 2022 жылдың екінші тоқсанында еліміздегі орташа жалақы 312 мың теңге болса, орта білім деңгейі бойынша орташа жалақы 343 мың теңгеге жетті. Демек орташа жалақыдан сәл жоғары. Бұл – президенттің алға қойған тапсырмасы, — деді ол.

Сонымен қатар министр келесі жылы мұғалімдердің еңбекақысы өсетінін мәлімдеді.

2023 жылдың қаңтарында жалақы 25% өседі. Тұтастай алғанда, оқытушының мәртебесін көтеру және оларды әдеттен тыс қызметтерге тартпау, жауапкершілікті азайту, жалақыны көбейту, университеттердің академиялық еркіндігі және педагогикалық мамандықтар бойынша бітірушілерді аттестаттау жүйесі үйлесе отырып, бізге қалаған нәтижені алуға мүмкіндік береді. Мен болашаққа оптимистік көзқараспен қараймын, — деді Асхат Аймағамбетов.