Астанада робототеxникадан жарыс өтеді

Жарыста елордалық оқушылар 3 санат бойынша өзара бақ сынайды. «Сызық бойындағы жарыс», «Тапсырманы орындау» және «Робосума». Жарысқа 10-19 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Әрбір команда құрамына екі спортшы және бір робот кіреді.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 19 ақпан күні сағат 10.00-де «Нұр Орда» қазақ-түрік лицейінде (Қошқарбаев көш., 34) өтеді. Жүлделі орындарды иеленген құрамалардың жаттықтырушыларына бағалы сыйлықтар табысталады.

Роботехникадан чемпионат – тартысты жарыс. Оның барысында жас дарындар түрлі тапсырмаларды мінсіз орындайтын роботтарды құрастырады. Шығармашылық сайыс балаларды ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларға және ғылыми- техникалық шығармашылық жұмыстар тартуға бағытталған.

Оны Астана қ. Білім басқармасы «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы «Білім инновация» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесе ұйымдастырып отыр.

ДереккөзBaq.kz