Ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы төмендеді

Kurs.kz мәліметі бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472,5 – 477 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 473 – 478 теңге аралығында құбылып тұр. 22 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,50 теңгеге төмендеп, 473, 95 теңге болған.

Ұлттық банктің 23 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 473, 99 теңге. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,35 – 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.