Алматыда мектеп оқушыларына оқулық сатып алу үшін 3,2 миллиард теңге бөлінді

Оның айтуынша, 25 тамызға дейін мегаполис мектептеріне оқулықтар толық жеткізілуі тиіс.

Жергілікті бюджеттен оқулықтар мен көркем әдебиетті сатып алуға 3 миллиард 263 миллион 457 мың теңге бөлінді. Биыл 2 класс оқушылары жаңа оқулықтар алады. 1-11 сынып оқушылары 25 тамызға дейін 100% тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі,- деді Айдын Сайлаубай.

Сонымен қатар ол интеллектісі бұзылған балалар оқитын мектептерге арналған оқулықтар сатып алынатынын атап өтті.

Жаңа оқу жылында 300 миллион теңге сомасына көркем әдебиет кітаптары және 37,11 миллион теңгеге интеллектісі бұзылған арнайы мектептерге арналған оқулықтар, соқыр балаларға арналған рельефті-нүктелі Брайль қарпіндегі оқулықтар және нашар көретін балаларға арналған ірілендірілген қаріптері бар оқулықтар сатып алынады, — деп толықтырды спикер.