Бизнес-қоғамдастықтың проблемаларын анықтау үшін Telegram чат іске қосылды

Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі салық және кедендік әкімшілендіру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ауқымды жұмысты бастады.

Біздің қаламыздың тұрғындары мен бизнесінің ең өткір мәселелерінің бірі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына енгізілген фискалдық сала болып табылады.

Бүгінгі күні қаланың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп салық және кедендік әкімшілендіру саласында сыбайлас жемқорлық және әкімшілік кедергілерді жою мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіп жатыр.

Осы жұмысты іске асыру мақсатында жұмыс тобы құрылып, қаланың бизнес-ахуалын жақсарту жөніндегі мәселелерді жедел шешу құралына айналған «Almaty&Business» атты Telegram мессенджерінде чат құрылды.

Фото: Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Жұмыс тобының алғашқы отырысы кәсіпкерлердің, қоғамдық бірлестіктер, «Атамекен» ӨКП және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Antikor оrtalyǵy» алаңында өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кеден және салық саласының қатысушыларында кедергілер, проблемалық мәселелер, шағымдар мен ұсыныстар болған жағдайда оларды құрылған «Almaty&Business» Telegram чатына жіберу ұсынылатынын атап өтті.