Қазақстандағы әуе компаниялардың қызметі 27% өсті

Бұл туралы Finprom.kz сайты хабарлады.

270,6 миллиард теңге сомасындағы негізгі кіріс барлық бағыт бойынша жолаушылар тасымалы есебінен қалыптасты. Тағы 6,2 миллиард теңгесі жүк тасымалына тиесілі. Көлікті жалға беруден түскен кіріс 3 миллиард теңге болды, — делінген хабарламада.

2022 жылғы қаңтар-шілдеде әуе көлігімен 5,8 миллион адам сапарлап, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 12,8% артық. Шілдеде 1,2 миллион адам тасымалданып, былтырғыдан 7,3% көбірек болды.

Жолаушы тасымалының басым бөлігі Алматыға тиесілі, яғни 4 миллион адам әуе көлігімен сапарға шықты.

Сонымен қатар ұшақпен 12,7 мың тонна жүк тасымалданып, бір жылғы деңгейден 36,1% аздау болды. Ал шілдеде ұшақпен 2,4 тонна жүк жеткізіліп, маусым айына қарағанда 8,8% өсті.

2022 жылғы шілденің қорытындысы бойынша жолаушыларға арналған әуе команияларының қызметтері жыл ішінде 26,6% өсті. Қызмет көрсету құнының едәуір өсуі Түркістан (56,8%), Жамбыл (46,7%), Шығыс Қазақстан (44,5%) облыстарында тіркелді. Солтүстік Қазақстан облысында қызмет құны өзгермегеген, сонымен қатар Ақмола облысында 8,7%, Қызылорда облысында 8,8%, Павлодар облысында 17,7% арзандады, — делінген ақпаратта.