Алматыда қойма өртенді

Өрттің Ангарская, 97Б үйде шыққаны анықталды.

Өртсөндірушілер келгенде ангар типті қоймалардың ашық жалынға оранғанын байқады. Өрттің көрші қоймаларға таралу қаупі болды. Жедел штаб жұмылдырылды, екі өрт сөндіру орны құрылды, дереу өрт саптамалары әкелінді, өрт сөндіру көліктерінің гидранттарына автоцистерналар орнатылды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 55 адамы мен 15 техника жұмылдырылды, — деп хабарлады ведомство өкілдері.