ХҚО мүгедектерге құжат жасатқаны үшін мемлекеттік бажды заңсыз төлеткен

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, талдау барысында 500-ден астам мүгедек азаматтың құқығы бұзылған.

Салық кодексінің 622-бабына сәйкес, аталған тұлғалар құжаттандыру қызметтері үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылған. Қазіргі уақытта полиция органдарымен бірлесіп төленген мемлекеттік бажды қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Талап етілген баждың жалпы сомасы — 1 345 000 теңге.