Мамандардың болжамы бойынша Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады, онымен алдағы тәулікте жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Аптаның ортасына қарай температура фоны біртіндеп төмендейді.
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз күтіледі. 17-18 тамызда еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, — делінген хабарламада.
Жалпы республика бойынша ауа температурасының төмендеуі күтіледі:
- батыста түнде + 15+28 градус, күндіз +30+40 градус,
- солтүстік-батыста түнде +3+12 градус, күндіз +15+25 градус,
- солтүстікте түнде +2+7 градус, күндіз +12+17 градус,
- орталықта түнде +3+12 градус, күндіз +13+23 градус,
- шығыста түнде +2+11 градус, күндіз +12+20 градус,
- елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +10 + 18 градус,
- таулы аудандарда + 3+8 градус болжанып отыр.