Мектеп формасы мен аяқ киім
Қазақстанда биыл да мектеп формасына қатаң талап қойылмады. Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың келер оқу жылында да классикалық стильдегі ыңғайлы киім киюіне болатынын хабарлады. Жейде ақ түсті, шалбар мен белдемше ата-ана мен мектеп оқушысының қалауына қарай қара көк, қара жасыл немесе қара түсті болуы керек. Baribar.kz тілшісі Алматы базарларының біріндегі және онлайн дүкендегі киімнің бағасын салыстырып шықты.
Базардан қыз баланы барлық тауардың бір данасын және ең арзанын алғанда шамамен 45 мың теңгеге киіндіруге болады:
Жейде – 3 500-6 500 теңге;
Белдемше – 5 500-6 500 теңге;
Шалбар – 7 000 теңге;
Сарафан – 8 000 теңге;
Бантик (жұп) – 600 теңге;
Костюм – 8 500 теңге;
Туфли – 8 000-10 000 теңге;
Спорттық киім – 10 000–12 000 теңге;
Спорттық аяқ киім – 8 000 теңгеден басталады.
Ұл баланы барлық тауардың бір данасын және ең арзанын алғанда шамамен 52 мың теңгеге киіндіруге болады.
Жейде – 4 000–7 000 теңге;
Шалбар – 7 000 теңгеден басталады;
Белдік – 1 500 теңге;
Костюм, шалбар және жекет үштігі – 15 000–22 000 теңге;
Туфли – 8 000–10 000 теңге;
Спорттық шалбар – 2 500 теңгеден басталады;
Спорттық киім – 10 000–12 000 теңге
Спорттық аяқ киім – 8 000 теңгеден басталады.
Базардағы киімнің көбі Қырғызстан мен Түркиядан жеткізілген. Ал фирмалық дүкендерде орта есеппен қыз баланы 72 мың теңгеге, ұл баланы 70 мың теңгеге киіндіруге болады.
Базар мен жеке дүкендердегі мектеп формасының бағасын салыстырсақ, базардан тиімді бағаға, бірнеше дана киім алуға болатынын білеміз.
Сөмке мен рюкзак
Оқушы үшін сөмке мен рюкзактың сапалы болуы маңызды. Ата-аналардың айтуынша, жыл бойы ұстайтын сөмке ұзаққа шыдауы үшін бірден сапалысын алу қажет. Ал арзан материалдардан тігілген сөмке бір тоқсанға да шыдамай тез жыртылып қалады. Ол кезде ата-ана екі есе шығынға батады. Сонымен сөмкені қайдан іздеу қажет?
Базардағы сөмке мен рюкзак бағасы 6 мың теңгеден басталады. Сатушылардың айтуынша, бұл арзан сөмкелер – өткен маусымнан қалып қойған, ескі тауарлар. Ал биыл жеткізілген сөмкелердің құны 9 мың теңгеден басталады.
Біз тек Алматыда емес, Қазақстан бойынша сапалы сөмке мен рюкзактар сататын жерді анықтадық.
Jusan қосымшасында фирмалық дүкендердің сөмкесі 4 999 теңгеден басталатын бағаға сатылып жатыр. Бұл дүкеннің бірнеше тиімді тұсы бар:
- Қазақстанның кез келген нүктесіне тауарды тегін жеткізіп береді;
- Ондағы сөмкелердің сапасын ата-ана сипаттамасына қарап, өзі бағалай алады. Себебі онлайн дүкенде әр тауардың өлшемі, сыйымдылығы, шыққан жері тағы басқа сипаттамасы көрсетіледі;
- Бөліп төлеу арқылы тапсырыс беруге болады;
- Әр тауардан бонус жинауға болады.
Ескере жүріңіз: Қазақстанда бөліп төлеумен алынған тауарға бонус беретін жалғыз банк – Jusan.
Кеңсе тауарлары
Базарда оқу-құрал жабдығын түгел салса, бір балаға шамамен 30-40 мың теңге шығын шығады. Ал тек қажет заттарды теріп алса, бір баланың керек-жарағына 25 мың теңге кетеді.
Дегенмен кеңсе тауары дегенде оқушы үшін де, мұғалім үшін де ең қажеті – 12 беттік дәптер. Биыл базарда он екі беттік дәптер 50 теңгеге сатылып жатыр.
Jusan дүкенде он екі беттік дәптер – 50 теңге. Базардан артықшылығы әр дәптерге – 5% бонус беріледі. Демек әр дәптерден 2,5 теңге үнемдеуге болады.
Базар мен фирмалық дүкендердің бағасын салыстыра келе, Baribar.kz кеңсе тауарларын онлайн сатып алуға кеңес береді. Себебі мұның тиімді тұсы көп:
- Қазақстанның кез келген жеріне тегін жеткізіледі, мұнда қанша тауар алғаныңыз маңызды емес;
- Бонус ретінде қосымша қаржы жинайсыз;
- Екі жылға дейін бөліп төлеуге алуыңызға болады. Мысалы, бір жылға қажет тауарға тапсырыс берсеңіз, оған қалтаңыздағы барлық қаржыны жұмсаудың қажеті жоқ. Мұнда сіз «Бір оқпен екі қоянды атасыз». Бөліп төлеумен аласыз, содан қомақты бонус жинап аласыз.
Смартфон, гаджет
Бүгінгінің оқушысын смартфонсыз елестету мүмкін емес, әсіресе, онлайн оқу кезінде бұл актуал болды. Демек оқу жылы басталарда «смартфон алуды» мектепке қажет заттар тізіміне қосуға болады. Қазір оны тиімді қолдана алатын бала үшін зиянынан пайдасы мол екенін ата-аналар да ұқты.
Бұл тауарға келгенде онлайн дүкендерден артық тиімді ұсыныс жасайтыны жоқ. Сапалы смартфонның орташа құны – 100 мың теңге. Қаржыгерлердің айтуынша, қазір қомақты тауарды бөліп төлеу тәсілімен алу – қаржыны тиімді жұмсаудың бір әдісі. Бұл бір жағынан – баласын мектепке дайындап жүрген ата-ананың қалтасына да салмақ салмайды.
Мұнда да Jusan дүкені жеңілдік жасап отыр. Онда ноутбук пен компьютерді және смартфон мен гаджетті 15-28 тамыз аралығында екі жылға ешқандай процентсіз, бөліп төлеуге алуға болады. Сонымен бірге қомақты тауардан қомақты бонус жиналатынын да есте ұстаңыз!
Оқуға арналған үстел мен орындық
Бұл тауар түрін де базардан табуға болады. Оның бағасы фирмалық дүкендегі бағамен шамалас. Ірі заттарды өзіңіз базардан іздегенше, үйде отырып, тапсырысты онлайн беріп әрі одан көп бонус алу тиімді. Мұнда да тегін жеткізіп беру қызметін қолдануға болады. Онлайн дүкеннен үстел мен орындық таңдау өте оңай – онда тауардың шыққан жерінен бастап, барлық сипаттамасы жазылады.
Jusan қосымшасында 15-28 тамыз аралығында таңдаған үстеліңізді екі жылға дейін (0-0-24) бөліп төлеу тәсілімен тапсырыс бере аласыз.
«Науқан кезінде сатып алуға болатын тауарлар тізімінде мектеп оқушыларына қажет тауардың бәрі бар. Олар: оқуға арналған үстел мен орындық, сөмке, ноутбук, кеңсе тауарлары және тағы басқа. Баласын мектепке дайындауға үлгермеген ата-аналар қалтасына ауырлық салмай-ақ, сатып алып, көп бонус жинай алады».
Базарда жүрген ата-ана әрі кетсе, тауардың қайда өндірілгенін сұрап, біле алады. Алайда сатушы тауардың қалған сипаттамасын толық айтып бере бермейді. Мысалы, сол үшін базарда жүргенде көбіне тек түріне қарап, таңдауға тура келеді. Онлайн сауданың тиімді жері – онда қандай ұсақ-түйек тауар болса да, сипаттамасы толық жазылады. Ондай кезде әр ата-ана қажетіне қарай таңдайды. Онлайн сауданың тағы бір тиімдісі – тауар үйіңізге өзі келеді, тегін жеткізіледі.