Басты бетҚоғамАқмола облысындағы...

Ақмола облысындағы жарылыс: ер адам қаза болды

Мұны Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін, 14 тамызда Ақмола облысы Целиноград ауданы Тайтөбе ауылының жеке тұрғын үй аумағында көмір түсіру кезінде белгісіз зат жарылды. Салдарынан оқиға орнында 1981 жылы туған үйдің иесі қаза болды. Тілінген жараларымен Нұр-Сұлтанның №2 ауруханасына үй иесінің ағасы – 1977 жылы туған ер адам және ағасының 2018 жылы туған кәмелетке толмаған ұлы жатқызылды, — делінген ведомство таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел тергеу шараларын жүргізіп жатыр.