Астанада айналма жолдан бірнеше атыс қаруы табылды

11 тамыз күні сағат 17:10-да елордалық криминалдық полиция басқармасының, ҰҚКД және ҚҚК қызметкерлері Алматы-Екатеринбург тас жолының бойында, айналма жолдан 900 метрдей жерде орман екпелеріндегі бұталардың арасынан жасырынған орын тапты, — делінген хабарламада.

Жасырын қоймада Калашников автоматы (үйде жасалған оқ ату автоматына айналдырылған), «МП-371» сигналдық тапаншасы (үйде атыс қаруына арналған, 9 миллиметр калибрлі 7 патронмен) табылды. Екі қару да атуға жарамды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.