Назарбаев елордадағы бас мешіттің ашылу салтанатына қатысады

Күмбезінің биіктігі 90 метр, мұнаралары 130 метр болады. Сыйымдылығы 30 000 адамды қамтиды.

Құрылысы 2019 жылы басталған мешіт жергілікті кәсіпкерлердің күш біріктіріп асарлату әдісімен (жолымен) салынған.

Мешіттің ашылу салтанатына ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады,- деп хабарлады тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.