WESG China 2017 қола жүлдегері Алтынай Иманова ASUS-тың жаңа ноутбугымен сүйікті ойындарын ойнап, біраз уақыт пайдаланып көрді. Бүгін құрылғыға Алтынаймен бірге шолу жасаймыз.

Геймер ретінде түрлі гаджет, девайстарға қызығамын. Компьютер, ноутбуктың қолыма түскен барлық түрін бүге-шүгесіне дейін тексеруден жалықпаймын. Геймер үшін кез келген құрылғы жаңа бір әлемге жол ашатын портал сияқты. Әр гаджет жаңа эмоция мен әсер сыйлайды. Бір апта бойы тестілеген ASUS Rog Zephyrus M16 ноутбугы қуатты әрі ықшамды, қолдануға ыңғайлы әрі әдемі дизайнымен тәнті етті, — дейді ол.

Алтынай Иманова, геймер
Алтынай Иманова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алтынай 2008 жылдан бастап компьютер ойындарын ойнайды. Бұл үшін әртүрлі компьютер мен ноутбукты қолданып көрген. Ең алғашқы ойыны — Counter Strike Global Offensive.

Алтынай жақын құрбыларымен 4 жыл бойы бір топта ойнаған, кейін әркім өзі қызыққан ойын түріне ауысыпты.

Айналамдағы адамдарға қарап дос таңдағанда жолым болғанын түсінемін. Жасөспірім кезде ең жақын құрбыларыммен ортақ қызығушылық таба алдық. Отбасым да ойын ойнағанда үнемі қолдау көрсететін, — дейді ол.

Алтынай Иманова, геймер
Алтынай Иманова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алтынайға анасы ерекше қолдау көрсетіпті. Компьютер ойындары бойынша чемпионатқа қатысып жүргенде үнемі хабарласып, қалай ойнағанын сұрайды екен. Туыстары мен достары арасында қызының ерекше салаға қызығатынын айтып, мақтанып жүреді.

Алтынай осындай қолдау мен ұзақ уақыт дайындалғанының арқасында тоғыз жылдан кейін WESG China 2017 байқауының қола жүлдесін жеңген.

Қытайда өткен ойынды анам тамашалап, жеңісіме қатты қуанды. Осыдан 10 жыл бұрын компьютер ойнайтын қыздар көп емес еді. Ал қазір ойындағы он қатысушының біреуі — қыз. Қазақстанда мен сияқты геймер қыздар көп және олар түрлі технологияны қолданып, жақсы нәтиже көрсетіп жүр, — дейді Алтынай Иманова.

Алтынай Иманова, геймер
Алтынай Иманова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ноутбук сипаттамасы

Процессор Intel Core i9-12900H 2,5 ГГц
Операциялық жүйе Microsoft Windows 11 Home
Видеокарта NVIDIA GeForce RTX 3070 Ti
Қосымша ROG Boost режимі бар
Дисплей ROG Nebula
QHD+ 16:10 (2560 x 1600, WQXGA)
Шағылысатын жабын
DCI-P3:100%
Жаңарту жиілігі:165 Гц
Жауап беру уақыты:3 мс
IPS
Adaptive-Sync
Pantone Validated
Дисплей мультиплексоры және Optimus технологиясы бар
Dolby Vision HDR қолдауы бар
Оператив жады 16 ГБ DDR5, қосылған
16 ГБ DDR5-4800 SO-DIMM
Максимал көлемі:48 ГБ
Қосканалды режимі бар
Жады 2 ТБ M.2 NVMe PCIe 4.0 Performance SSD
Порттар мен ағытпалар
1x 3,5 мм комбо аудиоұясы
1x HDMI 2.0b
2x USB 3.2 Gen2 Type-A
1x USB 3.2 Gen2 Type-C / DisplayPort / PD
1x RJ45 LAN
1 x Thunderbolt 4 / DisplayPort / қуаттағыш
1x слот microSD (UHS-II, 312 МБ/с)
Басқару Артқы жарығы бар мембрана пернетақта (RGB)
сенсорлық тақта (тачпад)
Камера Windows Hello функциясы бар 720P HD IR камерасы
Аудио Smart AMP
Dolby Atmos
Шуды азайтатын интеллектуал технология
Hi-Res сертификациясы
Кірістірілген микрофон массиві
Желі Wi-Fi 6E
Bluetooth 5.2 (*Bluetooth нұсқасы ОЖ жаңартуымен өзгеруі мүмкін)
Аккумулятор, қуаттау 90 Вт, 4S1P, 4 ұяшық, Li-Ion
Жинаққа қосымша ROG рюкзагы
Премиум қызмет картасы
Салмағы 1,90 келі
Ұзындығы, ені, қалыңдығы 35,5 x 24,3 x 1,99 см
Қауіпсіздік BIOS құпия сөбен қорғау жүйесі
Кенсингтон құлпы ұясы
TPM модулі (TPM микробағдарламасы қосылған)

 

Сырт көрінісі

ноутбук ASUS ROG Zephyrus M16.
ASUS ROG Zephyrus M16. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ноутбуктың сыртқы қорабы үлкен болып көрінгенімен, ішіндегі ASUS ROG Zephyrus M16-ның көлемі шағын, нағыз ойыншық ноутбук сияқты. Өте жұқа әрі жылдам ноутбук геймерлерге шығармашылық және ойын көкжиегін кеңейтетін түрлі мүмкіндік ұсына алады.

ASUS ROG Zephyrus M16 жеңіл әрі жұқа ноутбук қуатты бола алмайды деген стереотипті жоққа шығарады. Салмағы 2 келіге жетпейтін, көлемі кішкентай ғана ойын ноутбугы түрлі ауыр бағдарламаны оңай «көтереді».

Zephyrus M16 ойын ноутбугында ROG Nebula 16 дюймдік дисплейі 15 дюймдік шассиде орналасқан. Бұл — үлкен матрицалық өлшемі бар ноутбукты таңдасаңыз да, корпусы ықшамды әрі жеңіл болып қала береді деген сөз.

ноутбук ASUS ROG Zephyrus M16.
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ноутбуктың моделі ROG Zephyrus cериясынан, ал жұқа, өнімділігі жоғары ROG ойын ноутбуктері үш сериямен ұсынылады:

  • ROG Zephyrus S (топ);
  • ROG Zephyrus M (ортаңғы сегмент);
  • ROG Zephyrus G (қолжетімді үлгілер).

Аталған ноутбуктердің концепциясы бірдей — жоғары деңгейлі конфигурация, жұқа және жеңіл корпус, премиум материалдан тұрады.

Ноутбуктың қақпағының өзі адамға тактильді ләззат сыйлайды. Металл корпусының жартысы мінсіз тегіс, ал екінші бөлігі ұсақ нүктелермен ойылған.

ноутбук ASUS ROG Zephyrus M16.
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алтынай ASUS ROG Zephyrus M16 ноутбугы нағыз геймерлерге арналған «дос» екенін жалықпай айтады. Ноутбуктың сыртындағы «Republic of Gamers Est 2006» жазуының өзі ноутбуктың иесі геймерлер қауымдастығынан екенін білдіреді. Мұндай жазу әр геймердің көңіліне қуаныш, жүрегіне жылу ұялатары анық.

ноутбук ASUS ROG Zephyrus M16.
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

ASUS-тың басқа құрылғыларынан таныс ErgoLift шарнирі бұл ноутбукта да бар. 180 градустық ErgoLift ноутбукты қолдану мақсатына қарай көру бұрышын өзгертуге көмектеседі.

ноутбук ASUS ROG Zephyrus M16.
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Сыртқы қақпағын көтеріп, ноутбукты ашқанда, корпустың артқы бөлігі автомат түрде сәл көтеріліп тұрады. Себебі ноутбуктың төменгі жағында оны сәл көтеріп, ыңғайлы етіп орналастыруға арналған резеңкелі тірек бар.

ноутбук ASUS ROG Zephyrus M16.
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алтынайдың айтуынша, ASUS ROG Zephyrus M16 ноутбугы дизайны жағынан өте талғампаз адамдардың өзін таңдандырады.

Әр бөлшектің дизайны «Маған қара, мен премиум ноутбукпын» деп тұрғандай. Қарапайым пернетақтаның өзі лас дақтардың пайда болуына жол бермейтін арнайы бояумен боялған. Пернетақтаның артқы жарығы түрлі параметрге ие, оның жарық деңгейін өзің басқара аласың, — дейді Алтынай.

ноутбук ASUS ROG Zephyrus M16.
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
ноутбук ASUS ROG Zephyrus M16.
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Порттар мен ағытпалар

Кеңсе ноутбугының жұмысы үшін 2-3 порт жеткілікті болса, ойын ноутбугының қосымша құрылғысы көп. ASUS ROG Zephyrus M16 порттар мен ағытпалардың саны жағынан қолданушылардың көңілінен шығады. Мұны геймер Алтынай да мақұлдады.

Порт пен ағытпаларға келгенде минимализмді ұнатпаймын. Әдетте ойын ойнағанда ноутбукқа тышқан, құлаққап, қосымша пернетақта, екінші монитор, интернет кабель, кейде тіпті телефон қуаттағышын қосып қоямын. Аталғанның бәрін ASUS ROG Zephyrus M16 ноутбугына еш қиындықсыз қосуға болады, — дейді ол.

ноутбук ASUS ROG Zephyrus M16.
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Дисплейі және экраны

Ойын ноутбугы тегіс, 15 дюймдік шассидегі 16 дюймдік ROG Nebula дисплейімен жабдықталған. Бұл үлкен матрицалық өлшемі бар ноутбукты таңдағанда тамаша нұсқа. Дисплейінің көлемімен бірге корпустың ықшамды әрі жеңіл екені маңызды болып қала береді.

ноутбук ASUS ROG Zephyrus M16.
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ноутбукты қолыма алған кезде алғаш байқағаным — жаңару жиілігі 165 герц болатын дисплей және ондағы жарқын сурет. Геймерлер үшін түстердің қанық, жарқын болғаны маңызды. Экран ноутбук аймағының 94%-ін алып жатыр. Экранда кедергінің аз болуы ойын әлеміне бірден еніп кетуге көмектеседі, — дейді геймер.

ноутбук ASUS ROG Zephyrus M16.
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алтынайдың айтуынша, ASUS ROG Zephyrus M16 ноутбугы тек ойын құралы емес, фото мен видео өңдеуде де таптырмас көмекші.

Өнімділігі

Компьютерлік ойындарды жүктеу және оны жылдам іске қосу әр ноутбукқа беріле бермейді. Алтынай кез келген құрылғыны қолданғанда процессорының күшін бірден бағалай алады.

Алтынайдың айтуынша, Zephyrus M16 ноутбугының сыртқы көрінісі қыздардың нәзік болмысы сияқты, ал оның ультрапортативті корпусының ішінде қуатты процессор жасырылған.

2022 жылдың басында Intel 12-буыны туралы хабарлағанда оның жұқа әрі жеңіл ноутбукқа арналған нұсқасы да болатыны айтылып еді. ASUS ROG Zephyrus M16 ноутбугының қуатты Intel Core i9-12900H процессоры мен өте жылдам SSD 1 терабайттық NVDIA RTX 3080 Ti видеокартасы ойынның кез келген түрін көзді ашып-жұмғанша қосып береді.

ноутбук ASUS ROG Zephyrus M16.
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ноутбукты өшіріп-қосқанда, қайта жүктегенде бірнеше секундтың ішінде Republic of Gamers визуал логосы мен дыбысын естідім. Ноутбук «ғарыш жылдамдығымен» қосылады десем, артық айтқаным емес, — дейді Алтынай.

Ноутбукта NVIDIA GeForce RTX 3080Ti графикалық картасы қамтитын қуатты конфигурация бар. Инновациялық салқындату жүйесі құрылғыдағы компоненттердің тұрақты жұмысына жауап береді. Орталық процессордың жылу интерфейсі ретінде сұйық металл қолданылады.

Ойын сынағы

Алтынай ASUS ROG Zephyrus M16 ойын ноутбугын тестілеуді базалық ойындардан бастапты. Әуелі 2008 жылдан бері ойнап келе жатқан Counter Strike: Global Offensive ойынын әп-сәтте жүктеп, іске қосқан. Ойын орта есеппен FPS 238-240-пен іске қосылды (бұл ойындарда көрсетілетін секундына кадрлар саны, неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жақсы). 

ноутбук ASUS ROG Zephyrus M16.
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алтынай Counter Strike-тан кейін сәл ауырлау ойын түріне көшіп, Sekiro: Shadows Die Twice ойынын жүктеді. Ойынды іске қосарда барлық баптауын максимум дәрежеге көтерді. Көп күттірмей-ақ, АSUS ROG Zephyrus M16 экранында Жапонияның әдемі пейзажы, ыңғайлы геймплей және жарқын суреттер пайда болды.

Алтынай Иманова, геймер, ноутбук
Алтынай Иманова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жапониядан кейін APEX ойын әлеміне аттанды. Әдетте Counter Strike: Global Offensive сияқты ойындар қарапайым кеңсе компьютерінде де жұмыс істей береді. Ал APEX-те ойын ойнау динамикасы бар, сондықтан көп ресурс қажет етеді.

АSUS ROG Zephyrus M16 ноутбугында APEX баптауларын максимумға апарып, ойында 90 және одан жоғары FPS жинадым. Мұнымен тоқтап қалмай, ойын әлеміндегі «мәңгілік махаббатым» Witcher 3 Wild Hunt, Skellige және Kaer Morhen пейзаждарын максимал параметрде, жоғары жарықпен тамашаладым. Бұл ойындарды ес білгелі ойнап келемін, бірақ АSUS ROG Zephyrus M16 экранында бұрынғыдан да әдемі боп көрінді, — дейді Алтынай.

ноутбук ASUS ROG Zephyrus M16.
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ноутбуктың экраны 180 градусқа бұрылатыны геймер үшін өте ыңғайлы. Ойынды кез келген қолайлы позицияда бақылауға болады.

Ойын ноутбугының қызып кетуі — жиі кездесетін проблема. Алтынай АSUS ROG Zephyrus M16 ноутбугында мұндай қиындық кездеспегенін айтып отыр. Негізі өте жұқа корпуста орналасқан қуатты процессордың жоғары өнімділігін қамтамасыз ету үшін тиімді салқындату жүйесі қажет. Ноутбуктағы инновациялық салқындату жүйесі тыныш әрі интеллектуал түрде ноутбуктың қызып кетпеуін қадағалайды.

ноутбук ASUS ROG Zephyrus M16.
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Arc Flow желдеткіштері тіпті жұқа ROG Zephyrus M16 корпусында аз шумен қуатты ауа ағынын жасай алады, ал өзін өзі тазалау жүйесі шаң жиналудан болатын салқындату өнімділігінің төмендеуіне жол бермейді. Жылу интерфейсі ретінде пайдаланылатын сұйық металл процессордың температурасын төмендетуге көмектеседі.

Тестілеу кезінде АSUS ROG Zephyrus M16 ноутбугын ықшамды, стильді және қуатты ойын және жұмыс машинасы ретінде тани алдық. Жұқа әрі жеңіл, жан-жақты қорғалған әрі сапалы жарықтандырылған құрылғыны тек ойын ойнау үшін емес, түрлі мақсатта қолдануға болады. Жылдам жұмыс істейтін интерфейс қолданушыға тактильді және визуал түрде жақсы әсер сыйлайды.

Алтынай Иманова, геймер
Алтынай Иманова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қорытынды

Шолуымызды қорыта келе, АSUS ROG Zephyrus M16 ноутбугының мына артықшылықтарын тағы атап өткіміз келеді:

  • салмағы жеңіл, 1,90 келі;
  • дизайны ерекше тартымды;
  • жұқа, ықшамды, ыңғайлы;
  • дисплей түстерді анық, жарқын көрсетеді;
  • пернетақтасы мен тачпады жайлы, басқару ыңғайлы;
  • өнімділігі мен процессоры мықты;
  • қызып кетпейді;
  • қосымша порттары көп.
Алтынай Иманова, геймер
Алтынай Иманова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
НОУТБУККЕ ШОЛУ ASUS ҚОЛДАУЫМЕН ЖАСАЛҒАНAsus logo