Хаменова бір апта бұрын облыс әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау облысының әкімі Бақытгүл Хаменованы атқаратын лауазымынан бостау туралы өкімге 2020 жылғы 3 тамызда қол қойылған.

Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының 59-бабының 9-тармақшасына сәйкес мемлекеттік саяси қызметшіні ол атқаратын лауазымға тағайындау (сайлау) құқығы берілген лауазымды адамның (орган) тиісті шешімі бойынша ҚР президенті әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №267 өкімімен атқаратын лауазымынан босатылды, — деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.