Ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы төмендеді

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар – 476-478 теңге.

Ал Алматыда доллар бағамы – 478-483 теңге аралығында құбылып тұр.

10 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,80 теңгеге төмендеп, 478,46 теңге болған.

Ұлттық банктің 10 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 478,39 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,15 — 7,75 теңге аралығында саудаланып жатыр.