Қазақстандағы үш жоғарғы оқу орнына жаңа статус беріледі

Саясат Нұрбек үкімет отырысында ғылыми-зерттеу экожүйесін қалыптастыру және серпінді технологияларды дамыту үшін университеттерді зерттеуге айналдыру жоспарланып отырғанын айтты.

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті қазірдің өзінде зерттеу университеті мәртебесін алған. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-ды ғылыми-зерттеу университетіне көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деді министр.

Министр шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы да баяндады.

2021 жылы De Montfort Leicester университетінің филиалы ашылды. Петропавлда Arizona университетінің филиалы ашылып жатыр. Шетелдік университетпен ынтымақтастық аясында қос дипломдық білім беру бағдарламалары іске қосылды. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университетінің филиалы ашылады. Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында ұлттық зерттеу ядролық университетінің филиалы ашылып жатыр, — деді Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша, 2023 жылы Нұр-Сұлтанда Michigan State University. мемлекеттік университетін ашу жоспарланып отыр.