Мұрат Әбенов IT комитетінің төрағасы болып тағайындалды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «жасыл» экономика және ақпарат-коммуникация технология комитетінің отырысы өтті. Шара кезінде цифрлы технология негізінде жаңа өндірісі орындарын құру туралы мәселелер талқыланып, 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық сервистер, коммуникация дамыту сфералары өзге салаларға серпіліс бере алады деп таңдап алынды.

Осы мәселелерге қатысты ақпараттық-коммуникациялық технология, білім және инновация комитеті құрылып, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов басшылыққа тағайындалды.

Айта кетейік, Мұрат Әбенов мәжілістің 4 және 5 шақырылымдарының депутаты, бұрынғы білім және ғылым вице-министрі, «Өрлеу» кадрлер дайындаушы ұлттық орталығы» АҚ-ны басқарған. «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет етті.

ДереккөзАbctv.kz