Басты бет / Жаңалықтар /
көше, көлік, жол, жаңбыр, Алматы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қазақстанда үш жылда 2 мыңнан астам көлік заңсыз тіркелген

Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингінде айтты.

Қазіргі уақытта ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті еліміздің 7 өңірінде жақын шет елдерден әкелінген көліктерді Қазақстан Республикасында заңсыз есепке қою бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр, — деді Шұғыла Тұрлыбек.

Ведомство ақпаратынша, кейінгі үш жылда 2 мыңнан астам көлік заңсыз тіркелген. Мемлекетке келтірілген шығын 10 миллиард теңгеден асты.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram