Қостанай облысында бес жасар қыз жоғалып кетті

Таңғы 5.00 шамасында кішкентай қыз Жамбыл ауылындағы үйден шығып, әлі оралмаған. Анасының айтуынша, бала тек ішкиімде болған. Оның үстіне сөйлемейді.

Кішкентай қыз
Фото: Tengrinews.kz

Анасының полицияға айтуынша, қыз 18 және 13 жастағы үлкен әпкелерінің қамқорлығында болған. Бірақ олар таңертең оянғанда сіңілісін таппаған. Қыз терезеден шығып кеткен.

Полиция департаменті хабарлама түскеннен кейін бірден жедел-іздестіру шаралары кешені басталғанын атап өтті. Қостанай полиция басқармасының жеке құрамы дабыл қаққан. Іздеу жұмыстарына еріктілер тартылды