Нұр-Сұлтанда 8 тамызда Ұлы дала даңғылындағы көпір ашылады

Сонымен бірге А62 көшесінің (А91 көшесінен Нұр-Сұлтан-Қарағанды трассасына дейінгі аралық) құрылысы жүріп жатыр. Бұл көше Қарағанды трассасы мен «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы, сол сияқты қаланың сол жағалау бөлігі арасында көлік байланысын қамтамасыз етеді. Бұл маңайда қозғалысты алдағы күзде ашуды жоспарлап отырмыз. Аталмыш көше аудандарды жаңа көпірмен жалғауға мүмкіндік береді, — деді Алтай Көлгінов.

Ұлы дала даңғылындағы көпір Мәңгілік ел даңғылындағы, Ахмет Байтұрсынұлы, Рахымжан Қошқарбаев, Жұмекен Нәжімеденов көшелеріндегі, Nova city ауданы мен «Мыңжылдық» аллеясындағы көлік ағынын сейілтуге мүмкіндік береді, бұған қоса жаңа «Нұрлы жол» вокзалы, Тельман және Промышленный елді мекендері, МЕТРО гипермаркеті ауданы, Мағжан Жұмабаев даңғылы, Темірбек Жүргенов көшесі және тағы басқа арасында байланысты арттырады.

Ұлы дала, жол
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Есіл өзені арқылы өтетін, көлік қозғалысына арналған тағы бір көпір Тәуелсіздік даңғылында келесі жылы ашылады.

Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылын, жаңа теміржол вокзалын, Қошқарбаев даңғылын, Нәжімеденов көшесін, Әзірет Сұлтан мешітін, Байтұрсынұлы, Қордай, Айнакөл көшелерін, Момышұлы даңғылын елорданың сол жағалауымен қосымша байланыс орнатады, — деді Алтай Көлгінов.