Бибісара Асаубаева толағай табысқа қол жеткізді. ФИДЕ қазақстандық дарынды қызды Азияның үздік шахматшысы деп таныды. Қазақстан шахматшыларына үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жаңалықты назардан тыс қалдырған жоқ. Ол Бибісараны құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі, — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азияның үздік шахматшысы атанғаны хабарланған болатын.