Басты бетЖаңалықтарБайланыс операторларына...

Байланыс операторларына 135 миллион теңге айыппұл салынды

Оның айтуынша, бүгінде еліміздің 99% интернетпен қамтылған. Бірақ, бұл интернет пен байланыс қызметі тек ауылдық елді мекендерде ғана емес сонымен бірге қалаларда да сапалы деп айтуға келмейді.

Ең алдымен, биыл әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте интернетке мобайл кеңжолақты қолжетімділікті сапасыз көрсеткені үшін айыппұл көлемін арттырдық. Екіншіден, өткен жылы интернетке қолжетімділіктің әр түрі бойынша шекі мән енгіздік: 3G үшін секундына 1 мегабит, 4G үшін секундына 5 мегабит. Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша сапаны тексеру бағытында да үлкен жұмыс атқарып жатырмыз. «Мемлекеттік радио жиілік қызметі» азаматтардың шағымымен үнемі өңірлерге шығып тұрады, -деді Асхат Оразбек елордада өткен «Цифрлық Қазақстанға бетбұрыс» атты халықаралық форум аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Вице-министрдің айтуынша, өткен жылы 500-ден астам тексеру жүргізілді. Азаматтардың шағымының басым бөлігі мобайл желі арқылы интернетке қолжетімділіктің сапасыздығына қатысты болды.

Біз айыппұл көлемін 10 есеге арттырдық. Қазіргі уақытта азаматтардың арызы бойынша байланыс сапасының бұзылғанын анықтасақ, онда байланыс операторы 500 АЕК айыппұл төлейді. Ал бұзушылық қайта анықталған жағдайда, яғни байланыс әлі де сапасыз көрсетілсе, онда айыппұл 1,5 мың АЕК болады. 2021 жылы 500-ден астам тексеру жүргізіліп, 135 миллион теңгеге айыппұл салынды, — деді ол.