Қазақстандықтардың 6% астамы аштықтан қорқады

Бұл туралы Energyprom.kz сайты хабарлады.

Ұлттық статистика бюросы наурызда жүргізген «Халықтың өмір сүру сапасы» зерттеуінің нәтижесі бойынша ақшаның аздығынан азық-түлік жетпей қалады деп қорқатын респонденттер үлесі 5,7% болған. Былтырмен салыстырғанда бұл көрсеткіш төмендеген (2021 жылы — 6,6%, 2019 жылы — 7,1%). Сонымен қатар бұл сұраққа жауап беруге қиналғандар үлесі бір жылда 3-тен 4% дейін өскен.

Кейінгі бір жылда ақша тапшылығына байланысты бір күн бойы тамақсыз жүруге мәжбүр болған респонденттер үлесі бір жылда 0,5-тен 1,3% дейін өскен. Респонденттердің тағы 2,6% жауап беруге қиналған.

Қалада ауылдық жерлерге қарағанда (5,9%) азық-түлікке қаражат тапшылығы көбірек алаңдатады. Оған әйелдер көбірек алаңдайды — 6,2%.

Қызметкерлер арасында респонденттердің 5,5% ақшаның немесе басқа ресурстардың жетіспеуіне байланысты азық-түлік тапшылығына алаңдайды, ал жұмыссыздар арасында — әрбір оныншы респондент.

Қаржы тапшылығынан аштықты сезгендер арасында жұмыссыздар басым — 4,1%. Жас тобы бойынша 39 бен 48 жас аралығында — жоғары.

Айта ктейік,  2021 жылдың маусымымен салыстырғанда азық-түлік бағасы бірден 19,2% өскен.