Қазақстанда коронавирустан 2 адам қайтыс болды

Министрлік 1 тамыздағы тәулік ішінде тіркелген мәліметті ұсынды. Оған сәйкес, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 33 жағдайы анықталды, өлім жағдайлары болған жоқ. Жалпы пандемия басталғалы пневмониядан 5 357 адам қайтыс болды.

Ал коронавирустан 2 адам қайтыс болды. Бүгінге дейін вирустан 13 666 адам қаза болды.

3 тамыз таңында таратылған ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирустан 27 747 адам (–27 498+ және 249 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 1 505 пациент стационарда, 26 242 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:

— 32 адамның жағдайы ауыр;

— 8 пациенттің жағдайы өте ауыр;

— 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.