Атырау облысында аудан әкімі суға батып кетті

2022 жылғы 31 шілдеде сағат 22:38-де аудандық полиция бөлімінің жедел кезекшісінен Атырау облысы Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында Жайық өзеніне белгісіз жағдайда 1982 жылғы азамат Д.Р. (болжам бойынша Махамбет ауданының әкімі) суға батып кеткендігі жөнінде хабар түсті. Оқиға орнына Атырау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының 3 құтқарушысы, 1 техникасы, сонымен қатар Махамбет ауданы төтенше жағдайлар бөлімі бастығы шықты,- делінген департамент хабарламасында.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Baribar.kz редакциясына әкімнің денесі табылмағанын хабарлады.

1 тамыз, Нұр-Сұлтан уақытымен 10.55-ке дейін оның денесі табылмады, әлі де іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деді баспасөз қызметі.