Әскери колледжде кадет жарақат алды

Ведомствоның мәліметінше, оқиға бүгін, 31 шілдеде болды. Әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға арнайы комиссия жіберілді. Қылмыстық іс жөніндегі кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды, — делінген хабарламада.