«Құрманғазы» мен «Исатай» мұнай шығару станциялары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Апаттың салдарын жою үшін KEGOC өзінің қорынан қажетті тіректер бөлген.
Еске сала кетсек, 27 шілдеде болған қатты желден электр желісінің жеті тірегі құлады. Салдарынан «Құрманғазы» мен «Исатай» станцияларын энергиямен жабдықтауда қиындықтар туындады.
Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтады. Атырау және Маңғыстау облыстарын электр энергиясымен қамтамасыз етуге қауіп төнді.