Алматы облысында көкпаршылар жолда тәртіпсіздік ұйымдастырды

Алматы облысында көшеде көкпар тартқандар жергілікті тұрғындардың ашуын келтірді. Бұл жолы ұлттық ойын Талғар көшелерінде өтті.

Алматы іргесіндегі шағын қала тұрғындары көкпаршылардың бұл әрекетіне наразы болды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, олар Талғардың көлік көп жүретін көшелерінде жарысқан. Оларды көліктің көптігі де тоқтатпаған. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар мен жергілікті тұрғындардың наразылығы әлеуметтік желіде жарияланды.

Әдетте, елді мекендерде көкпар ойнауды көпшілік айыптайды, бірақ көтермелейтіндер де табылады. Бұл жерде патриотизм, ұлттық дәстүрлерге деген құрмет пен қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік аражігін ажырату керек. Сондықтан жылдан-жылға осындай ойындарды тарихи қалыптасқан егістіктерде өткізуге шақырамыз, — делінген жазба сипаттамасында.

Полиция мәліметінше, жарыс 24 шілдеде кешке өткен. Алғашында көкпар жақын маңдағы бау-бақша аймағында ұйымдастырылса, кейін жарыс Талғар көшелерінде жалғасқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Сағат 19:00-20:00 аралығында Кеңдала ауылы тұрғынының 50 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырған ұлттық көкпар ойынына шабандоздар қатысты. Ойынды әкімдік тоқтатпады. Шаруашылықтардың бірінің аумағында басталған атжарыс бақылаудан шығып, Талғар көшелеріне ауысты, онда атжарыс көлік ағынына кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзды, — деді облыстық ДП баспасөз қызметі өкілдері.

Полиция көкпарға қатысқандарды анықтаған. Олардың 10-ы ұсталып, ҚР ӘҚБтК-нің 434, 593 және 614-баптары бойынша жауапкершілікке тартылды.