Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда орташа...

Қазақстанда орташа жылдамдықты асырғандарға жаза қарастырылады

Сонымен қатар қазір министрлік қала маңындағы жолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін көлік жүргізушілерін жауапкершілікке тарту мүмкіндігін қарастыратын түзетулер әзірлеп жатыр, — деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев.

Оның айтуынша, құжатты жаз аяғына дейін қабылдау керек. Бастапқыда, орташа жылдамдықты қала сыртындағы тасжолда өлшеп, кейін қаладағы камералар да бақылайды. Орташа жылдамдықты асырғаны үшін қандай айыппұл салынатыны әлі белгісіз.