16 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Ақмола, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында тұман түседі, жаяу бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей аумақтарында күндіз жел 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Алматы облысының бірқатар аудандарында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облынында тұман түсіп, күндіз бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман басып, күндіз бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді.

ДереккөзBaq.kz