Астанаға Голливуд жұлдыздары келеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер департаментінің директоры Алмаз Нұразханның айтуынша, кинофестивальге танымал Голливуд актерлері келеді.

«Шақырылғандардың қатарында халықаралық деңгейдегі «А» санатындағы жұлдыздар бар. Біз кестелерді қарастыру үстіндеміз. Оларды шақыру өте қиын. Бірақ, қазіргі уақытта олармен келіссөздер жүруде. Біз олардың келетіндігіне сенімдіміз», — деді Алмаз Нұразхан.

Айта кетейік, Eurasiа кинофестивалі елімізде 1998 жылы құрылған болатын. Фестиваль негізінен Алматы қаласында өтеді. Дегенмен, 2008 жылы ол Астана қаласында да бір рет өткен еді.

ДереккөзInform.kz