Алматыда қылмыстық топтың бір миллиард теңге болатын мүлкі тәркіленді

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы прокуратурасы шығарылған мемлекеттік активтердің заңдылығын тексеріп жатыр.

2017 жылы соттың үкімімен жалған кәсіпкерлік пен ақшалай қаржыны қолма-қол айналдырғаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды. Атап айтқанда, 86 жалған кәсіпкерлік ашып, 87 миллиард теңгеден аса қаражатты қолма-қол айналдырып, 27,7 миллиард теңгеге салық төлеуден жалтарған. Олар қылмыстық жолмен алынған қаражаттарын мүліктерді сатып алу арқылы заңдастырған,- делінген хабарламада.

Сот үкімімен қаладағы беделді ауданда орналасқан 1,3 мың шаршы метрге жуық көлемде тұрғын үй құрылысы бар жалпы көлемі 1,4 гектар болатын екі жер телімдері қайтарылды. Жерлердің біреуінде тікұшақ қонатын алаң орналасқан. Ол объектінің шамамен нарықтық құны 1 миллиард теңгені құраған.

Сонымен қатар прокурорлар анықтағандай, қылмыскерлер мүліктерін тәркілеуден жалтарту үшін жер телімдерін сотталғандардың біреуінің әкесінің атына жазған. Кейін сот үкімін орындаудан жалтару үшін жылжымайтын мүлік төрт мәрте үлестес тұлғалардың арасында жер телімінің конфигурациясын өзгерту арқылы жүзеге асырылған.

Жалған мәмілелерді жасау нәтижесінде мүлік қағаз жүзінде сотталғандардың біреуінің қызына қайтарылған. Бұдан бөлек, осындай жүйемен мүлікті сақтап қалу үшін жер телімдерінің иелерінің бірі жалған некеге отырған,- делінген хабарламада.

Бостандық ауданының прокуратурасы аталған мәмілелерді, жалған неке туралы мәмілені заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінді.

Жүргізілген ауқымды сот процестері, сонымен қатар азаматтық істің апелляциялық сатыда қаралу нәтижесі негізінде, қадағалау органының талап арызы толығымен қанағаттандырылды. Жоғарыда қабылданған шаралар мемлекет пайдасына бағалы мүліктердің қайтарылуына негіз болады, — делінген хабарламада.