Алматыдағы Розыбакиев көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 19 шілде сағат 22:00 мен 20 шілде сағат 06:00 аралығында және 21 шілде сағат 22:00 мен 21 шілде сағат 06:00 аралығында Розыбакиев көшесінің әл-Фараби даңғылынан Есқараев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Жол жөндеу жұмыстары 2022 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.