Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бос лауазымына кандидаттармен әңгімелесу қорытындысы бойынша үш кандидаттың ішінен Иран Шәметеков жеңімпаз болып танылды, — делінген хабарламада.
Алматы әкімінің баспасөз қызметі Иран Шәмекетов бұл қызметке әлі ресми тағайындалмағанын, қала басшысы заңнамада белгіленген мерзім бойынша тағайындау туралы шешім қабылдайтынын хабарлады.
Еске салайық, 2022 жылғы 20 маусымда Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қызметінен босатылды. Ол Орталық қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері болды. Нариман Табынбаев бұл қызметке 2020 жылғы желтоқсанда тағайындалған еді.
