Президент төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жарты жылдық нәтижеден көріп отырмыз. Экономика 3,4%, ал нақты сектор 4,1% өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар. Дегенмен, инфляция да бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5% жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Қазіргі уақытта үкімет басшысы Әлихан Смайылов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыларын баяндап жатыр. Одан кейін ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов ақша-несие саясаты мәселелеріне тоқталады.