Басты бетЖаңалықтарАлматының "Антикор...

Алматының «Антикор орталығында» азаматтарды қабылдау өтеді

Құрметті Алматы тұрғындары! 2022 жылғы 14 шілдеде сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін «Адал көмек» жобасы шеңберінде Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сервис орталығында азаматтарды қабылдау өтеді,- делінген хабарламада.

Жобаның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызы бар мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Іс-шара барысында жалпы орта білім беру саласындағы кез келген мәселе бойынша (балаларды мектептерге анықтау, мұғалімдерді білім беру мекемелеріне жұмысқа орналастыру және т.б.) тегін заң көмегі көрсетілетін болады.

Құқықтық кеңес көрсететін: Алматы білім басқармасы басшысының м.у.а. Сайлаубай Айдын Сайлаубайұлы;

Мекен-жайы:» Аntikor ortalyǵy«,  Жібек жолы көшесі, 15 (қиылысы Барибаева);

Анықтама және онлайн тіркелу үшін байланыс телефондары: WhatsApp +7(707) 993 16 03.