Операция барысында «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісін қолдан жасау және интернет-ресурсы арқылы Алматы қаласы және ҚР басқа да өңірлеріне сатуды ұйымдастырған екі азамат ұсталды. Қабылданған шара нәтижесінде, 2022 жылғы 29 маусымында Алматы мен қала маңайында шамамен 16 келі «Альфа-PVP», кристалдану сатысындағы 15 келі есірткі, 5 тоннадан астам прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді, — делінген хабарламада.
Қолға түскен есірткі заттарының «қара нарықтағы» құны жарты миллиард теңгеден асады.