Мәскеуден Ақтауға шыққан ұшақ бір сағаттан кейін әуежайға оралды

Бұл туралы «Москва 24» арнасы хабарлады.

10 шілдеде Мәскеу уақыты бойынша сағат 12.00-де Мәскеу – Ақтау бағыты бойынша көтерілген ресейлік «Россия» әуекомпаниясының Su-6525 рейсі бір сағаттан кейін Шереметьево әуежайына оралған. Ұшақ жолаушысы ұшақты жедел жәрдем мен полиция күтіп алғанын, ал экипаж жолаушылар келесі ұшақпен ұша алатынын айтқан. Басқа мәлімет айтылмаған,- делінген хабарламада. 

Шереметьево әуежайындағы таблоға сәйкес, ұшақ Мәскеуден төрт сағаттан кейін ұшып, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22.29-да Ақтауға қонған.