Қазақстанда бір тәулікте 454 адам коронавирус жұқтырды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда 2 837 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Оның ішінде 291 пациент стационарда, 2 546 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Кейінгі тәулікте ел аумағында 454 тұрғынның ПТР-тесті КВИ-ге оң нәтиже берген. Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 14 адамның жағдайы ауыр, — делінген хабарламада.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1 309 888-ге жетті.