Қаңтар оқиғасында ұсталғандарды азаптау бойынша 360 қылмыстық іс қаралды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы алты айдағы жұмысына елімізде болып жатқан оқиғалар әсер еткені бәрімізге мәлім. Тек қаңтар оқиғасы бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан азаптау мен өкілетін асыра пайдалану фактілері бойынша агенттік тергеушілерінің өндірісінде 360 қылмыстық іс болды, — деді Олжас Бектенов.

Оның сөзінше, қазір құқық қорғау органдары тарапынан азаптау фактілері бойынша 170 іс тергеуде жатыр.

Бұл санаттағы істердің саны өткен жылдармен салыстырғанда екі есе артық. Қазіргі таңда 170 іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. 167-сі аяқталды. 23 қылмыстық іс әрі қарай тергеу үшін прокуратураға жолданды,- деді антикор басшысы.