Тоқаев мұнай тасымалдауда Транскаспий бағдарын дамытуды тапсырды

Бұл туралы мемлекет басшысы көлік-транзит әлеуетін дамыту жөніндегі кеңесте айтты.

Транскаспий бағдары басым бағыт саналады. «ҚазМұнайГазға» оны жүзеге асырудың оңтайлы нұсқасын, соның ішінде Теңіз жобасының инвесторларын тарту мүмкіндігін пысықтауды тапсырамын. Үкімет «Самұрық-Қазынамен» бірлесіп, Атырау – Кеңқияқ және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларының қуатын арттыру жөнінде шара қабылдауы қажет, – деді президент.

Автожол инфрақұрылымын дамыту мәселесі де — маңызды салалардың бірі.

Мемлекет басшысының айтуынша, ең алдымен, құрылысы басталған магистральды бағыттардағы (Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат, Атырау – Астрахань, Алматы – Қарағанды және Талдықорған – Өскемен) қайта жаңарту жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау қажет.