Универсиада пәтерлері Алматыда кезекте тұрғандарға беріледі

Қазіргі таңда 1748 пәтерді бөлу жұмыстары басталды. Бауыржан Байбектің айтуынша, бұл Алматыдағы баспанаға кезекте тұрғандардың санын 10 пайызға қысқартады. Бүгінде кезекте шамамен 17 мың адам тұр. Жоспар бойынша бұл іс наурыз айына аяқталуы тиіс. Ол үшін халықтың аз қамтылған санатынан баспана кезегінде тұрғандардың тізімі жасалған.

«Баспана 8-ден 20 жылға дейінгі мерзімге сатып алу құқығымен жалға  беріледі. Бір шаршы метрінің жалдау құны 1036 теңгені құрайды.  Бүгінгі күні құжаттарын толық көлемде ұсынған пәтерге үміткер 1300 адамның 430-ы өздерінің төлем қабілеттерін дәлелдеді. Осы ретте Бақытжан Әбірұлы (Үкімет басшысы Сағынтаев — ред), сіздің көмегіңіз қажет. «Бәйтерек» холдингі мен «Қазақстанның ипотекалық компаниясына» кезекте тұрғандардың құжаттарын рәсімдеуді жеделдетуді тапсыруыңызды өтінемін», —  деді Бауыржан Байбек.  

ДереккөзInform.kz